Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде қатты терлесеңіз (гипергидроз) ол өте қауіпті. Бұл дегеніміз онкологиялық аурудың белгілері болуы мүмкін. Бұл туралы Висбадендегі Дерматология мен аллергология клиникасының директоры Кристиан Байерл айтты.
Оқи отырыңыз:
Әсіресе түнде шылқып терлегеннен қауіптену керек. Сонымен қатар, дене қызуы көтеріліп, себепсіз салмақ тастау да онкологиялық аурудың белгілері болып табылады.
Егер адам ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамай, салқын бөлмеде жатқанның өзінде терлесе, онда қалқанша безін тексерту керек.
Сондай-ақ, тершең болып, оның үстіне шөл қысса бұл диабеттің белгілері болуы мүмкін.
Жатарда дәмдеуіштер қосылған аса ауыр тағам жеп жатса да, тершеңдікке әкеп соғады.