Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан қылмыскерлерге рақымшылық жасала ма?

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты. </p>

 20 Қыркүйек 2021 2021, 11:54
20 Қыркүйек 2021 2021, 11:54
4749

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 40 адам жазасын өтеп жатыр. Оның 23-і жабық түрдегі түзеу мекемесінде отыр. 21 - ер, 2 – әйел адам. 17 адам бас бостандығынан шектеу жазасымен пробация қызметінің бақылауында тұр, - деді ол.

Разуев айтқандай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымышылық жасау туралы заң жобасы Парламент қарауында тұр.

Ол заң жобасы бойынша осы санаттағы қылмыскерлерге рақымшылық жасауға ешқандай шектеу жоқ, - деді Дархан Разуев.

Осыған дейін ол жалған хабарлама таратқандарға қандай жаза қолданылатынын айтқан еді.

Наверх