Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Терісі қара адамдарға да күннен қорғайтын крем қажет. Неге екенін білесіз бе?

Олжас АДАЙ
26 Мамыр 2025, 11:11
1651
Бөлісу:
 жасанды интеллект
Фото: жасанды интеллект

Терісі қара адамдарда меланин көп болғанымен, ол күн сәулесінен қорғамайды. Дерматологтар күннен қорғайтын кремді бәріне, оның ішінде терісі қара адамдарға да күнделікті қолдануға кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

Күннің ультракүлгін сәулесі теріні күйдіріп, қара дақтар мен әжімдерге, тіпті кей жағдайда терінің қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.

Иә, қара терідегі меланин күннен белгілі бір деңгейде қорғайды, бірақ бұл жеткіліксіз, - дейді Калифорния университетінің Сан-Францискодағы Skin of Color клиникасының негізін қалаған доктор Дженна Лестер.

Оның сөзінше, күннен қорғайтын крем бәріне қажет.

Бірақ оны қолдану себебі тері түсіне байланысты өзгеруі мүмкін, – дейді ол.

Қауіп тек ақ адамдарда емес (теріcі ақ)

Жалпы, ақ адамдар тері қатерлі ісігіне жиі шалдығады. Бірақ америкалық онкология қоғамының дерегінше, қара және латынамерикалық адамдар меланоманың ең қауіпті түрінен көбірек көз жұмады.

Қара нәсілділердің меланомасы көбіне күн сәулесінен тікелей қорғалатын алақан мен табан сияқты жерлерде пайда болады. Сондықтан күннен қорғайтын крем – теріні күйіктен, безеуден кейінгі қара дақтардан, розацеадан және беттегі пигменттерден қорғайтын қосымша қабат.

Бейлор медициналық колледжінің докторы Ойетева Асемпа былай дейді:

Маған келетін қара нәсілді науқастардың мәселесінің көбі – күн сәулесімен тікелей байланысты немесе соның әсерінен ушыққан, - дейді ол.

Қанша және қалай жағу керек?

Дәрігерлер SPF-і 30-дан төмен емес күннен қорғайтын кремді 2 сағат сайын жағып отыруды ұсынады. Теңізге барғанда, суға түспес бұрын және кейін де қайта жағу қажет.

Адамдар аз жағады, - дейді доктор Лестер.

Қара теріде "күңгірт" із қалдырмас үшін, химиялық негіздегі кремдерді таңдаңыз. Мырыш оксиді мен титан диоксиді сияқты минералды құрамдар – дәл сол ақтаңдақ іздердің себебі.

Лестердің айтуынша, ең маңыздысы – бұл дағдыны күнделікті әдетке айналдыру.

Кейбір ультракүлгін сәулелер тіпті көлік не үй терезесі арқылы өтіп, зиян тигізе алады. Сондықтан күн сәулесі түскен сәтте теріні қорғау – өте маңызды. Мұнда мәселе — көп жағу емес, тұрақты жағу, – дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы