Тергеудегі тұтқындар дауыс берді

5 Маусым 2022, 12:45
1480
Бөлісу:
Тергеудегі тұтқындар дауыс берді
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Тергеу изоляторында отырғандар да таңертең ерте ЛА-155\18 түзеу мекемесіндегі сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 104 бабының 3 бөлігінде көзделгендей сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын сотталғандардан басқа күдіктілердің республикалық референдумға қатысуға құқықтары бар. Аталған санатқа тергеу тұтқынындағылар мен соттың үкімі әлі күшіне енбеген, жасы он сегізге толғандар жатады.

Референдумға дайындық кезінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімімен Тергеу изоляторы орналасқан аумақ бойынша №479 сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.

Осыған орай ЛА-155/18 мекемесінде  референдум өткізу үшін,5 кабина жабдықталып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген болатын.

Тергеудегі тұтқындар дауыс берді

5  маусым – Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру бастамасын жүзеге асыруға негіз болатын маңызды күн. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер – еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Осындай маңызы зор саяси науқанға ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылар да белсенді түрде ат салысты. 5 маусым күні таңғы 7,-ден бастап тергеу изоляторындағы дауыс беруге құқылы 1025 күдікті дауыс берді.   Оларға  алдын ала Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістердің маңызы туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізілген болатын. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 5 маусым күні сот үкімі шықпаған барлық тергеу қамауындағылар ұйымшылдықпен дауыс берді,-дейді мекеме бастығы және №479 сайлау учаскесінің төрағасы әділет подполковнигі Әсет Жұмадиев.
 

Өзгелердің жаңалығы