ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы жаңадан тағайындалды

6 Қараша 2019, 10:33
3291
Бөлісу:
ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы жаңадан тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшылығына Тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Ол Санжар Әділов болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Әділов Санжар Аскенұлы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды.

1977 жылы туылған Әділов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Басшылық қызметте тәжірибесі бар.

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

Тұрғымбаев министрліктің орталық аппараты басшылығы құрамына президенттің қылмысқа қарсы тұру, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде полиция алдына белгілеген міндеттерін еске салды.


Тергеу бөлімшелері азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтай, сондай-ақ жазадан сытылып кетпеу принципін қамтамасыз ете отырып, қылмысты тез және толықтай ашуы тиіс, - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.


Өзгелердің жаңалығы