Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан

25 Маусым 2024, 18:33
700
Бөлісу:
Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан
Фото: Мақсат Рысбеков Алматыбасжоспар

Алматы метросы қала үшін қоғамдық көліктің салыстырмалы түрде «жаңа» түрі болуына қарамастан, жолаушылар ағыны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тіпті қарбалас уақыттың өзінде Райымбек станциясынан Бауыржан Момышұлы станциясына дейін 13 шақырым қашықтықты небәрі 25 минутта жүріп өтуге болады.

Бас жоспар бойынша «Қалқаман» станциясының және «Барлық» базарына дейін тағы үш метро станциясының құрылысының ұзындығы 5,3 км. «Қалқаман» метро станциясы жолаушылар ағынын тәулігіне 20 мың адамға арттыруға мүмкіндік береді, ал «Барлық» базарына дейінгі 3 станция базар ауданында салынуы жоспарланып отырған ірі мультимодальдық көліктік торапқа апаратын болады, - деп атап өтті «Алматыбасжоспары» ҒЗИ Бас директоры Асхат Садуов.

Бүгін қолданыстағы 11 станцияның ішінде тереңдікте орналасқан «Абай» станциясы туралы баяндаймыз. Оның айырмашылығы неде және станцияның терең салынуы себептерін білу үшін сарапшыларға жүгіндік.

Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан

Станция Назарбаев даңғылы мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан. Кіреберістері Назарбаев даңғылынан шығысқа қарай, Төлебаев көшесімен, Абай даңғылының солтүстік және оңтүстік жағымен қиылысында орналасқан.

«Метропроект» ЖШС жобалардың бас инженері Владимир Рахимовтың айтуынша, «Абай» станциясы 78 м тереңдікте – басқа станциялардан ең төмен орналасқан. Пойыздарға жету үшін 104 метрлік эскалатордмен төмен түсу керек. Эскалатормен жүріске шамамен 4 минут уақыт жұмсалады.

Қарапайым тілмен айтақнда, «Райымбек батыр» станциясы «Абай» станциясына қарағанда ойпатта тұр, ал «Абай» станциясы метрополитен туннельдерінің рұқсат етілген еңісінен әлдеқайда жоғарыда орналасқан. Сондықтан рельс бір деңгейді болуы үшін Орналасу тереңдігі жер бетінің «Райымбек батыр» станциясынан «Абай» станциясына дейінгі метрополитен желісі бойындағы еңісі Метрополитен туннельдерінің рұқсат етілген еңісінен әлдеқайда үлкен екендігімен байланысты. «Райымбек батыр» станциясындағы жер белгісі «Абай» станциясының жер белгісінен шамамен 100 метр төмен. Ал рельс басының деңгей белгілерінің айырмашылығы шамамен 30 м. Сондықтан рельстер бір деңгейде салынуы үшін «Абай» станциясы тереңде салынды, - дейді Владимир Рахимов.

Айта кетейік, Алматы қаласы теңіз деңгейінен орта есеппен 1000 м-ге (600 м қала іші, 2000 м-ге дейін Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ) биіктікте орналасқан. Қалалық метрополитеннің бір ерекшелігі – құрылыс айрықша тау-кен-геологиялық жағдайда жүргізілді. Заманауи инженерлік және технологиялық жабдықтар мен жылжымалы техника қолданылды. Рельстер шпал қолданылмай салынды. Станцияларды әрлеу үшін экологиялық қауіпсіз және өртке төзімді материалдар қолданылды.

Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан

Әлемдегі ең терең станциялар

ТМД-ның ең терең метро станциясы Киев метрополитеніндегі – «Арсенальная» станциясы. Станция Печерск ауданында Святошинск-Броварская желісінде «Крещатик» және «Днепр» станциялары арасында орналасқан. Оның тереңдігі 105 м-ден асады. Ал әлемдегі ең терең станция: 116 м, бұл Қытайдағы Чунцин метрополитенінің «Хунъянцунь» станциясы.

Станцияның орналасуы неғұрлым терең болса, құрылыс жұмыстары соғұрлым қиын

Сарапшылардың айтуынша, «Абай» станциясы жоғары өнімді заманауи техниканың көмегімен жаңа австриялық әдісін қолдана отырып салынған: Осындай әдіс құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз және жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.

Геологиялық ерекшеліктерге құрылыс жер асты сулары деңгейінен жоғары тасты-малтатасты топырақтарда жүргізілгенін жатқызуға болады. Станцияны салғанда топырақты игеру кезінде диаметрі 3 м-ге дейін үлкен тастар кездесті. Оларды жер бетіне шығару үшін ұсақтауға тура келді. Сонымен қатар, тасты-малтатасты топырақтар тұрақсыз және құлауға бейім екенін ескере отырып, үйіндіге қарсы қорғаныс шараларын қосымша қолдану қажет болды. Ол үшін тиісті жабдық қолданылды. Мұның бәрі станция құрылысын қиындатты, - дейді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Жанат Айтілеу.

Терең станциялардың ерекшелігі неде?

Негізгі айырмашылық – құрылыс әдісінде. Өйткені терең станциялар жер асты құрылыс тәсілімен салынады, топырақтың беткі қабаты аршылмайды. Вестибюльмен платформа бөлігі эскалатор туннелімен байланысады.

Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан

Сәулетшілердің айтуынша, мұндай станциялардың құрылысы жұмыс ұңғысы арқылы жүзеге асырылады. Топырақтың қалыңдығынан болатын жүктеменің жоғарылауын ескере отырып, орналасуы терең станцияларда конструкциялардың мықтылығын арттыру үшін тек тоғыспалы қаптау қолданылады.

Орналасуы терең емес станция ашық әдіспен, әдетте тегіс жабынмен салынады. Шұңқырдағы станцияның конструкциялары салынып, жобалық беріктігі бетонмен алынғаннан кейін қайта толтыру және осы учаскедегі аумақты абаттандыру жүргізіледі, - деп атап өтті Жанат Айтлеу.

Орналасуы терең станция салудың артықшылығы - станцияның шұңқырында үлкен құрылыс алаңын ұйымдастырудың қажеті жоқ.

Тиісінше, құрылыс аймағынан инженерлік желілерді шығару көлемі айтарлықтай азаяды, сонымен қатар сүрілуге жататын тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстардың саны айтарлықтай азаяды. Кемшіліктерге жерасты құрылысының неғұрлым күрделі және еңбек көп жұмсалатын технологиясын жатқызуға болады. Сонымен қатар, орналасуы терең жерасты станциясын салу құны қымбатқа түседі, - деп атап өтті Владимир Рахимов.

Жолаушылар қауіпсіздігі

«Станцияның барлық конструкциясы сейсмикалық жүктемелерді ескере отырып, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жобаланып, салынған. Бұл шаралар жолаушылар мен метро қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді. Әлемдік тәжірибе де құрылысты талдау терең жерасты құрылыстарының сейсмикаға төзімді екенін көрсетеді», - деп түсіндірді Жанат Айтілеу.

Тереңде жатқан қазына: метроның «Абай» станциясы өзге бекеттерден неге төмен орналасқан

Сондай-ақ, Алматы метросында 30-ға жуық автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі енгізілген. Метро объектілерін бақылайтын және ІІД автоматтандырылған бақылау орталығымен деректерді синхрондайтын ахуалдық орталық жұмыс істейді.

Метрода дәретхана саны неге аз?

Біріншіден, Алматы қаласында метрополитеннің бірінші кезегі жобаланған кезде метрополитен – бұл жолаушылар ұзақ уақыт болмайтын көлік деп есептелді. Сондықтан құрылыс нормалары мен ережелерінде жолаушыларға арналған дәретханаларды орнату көзделген жоқ. Қазір барлық жаңа станцияларда жолаушыларға, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған дәретханалар қарастырылған. Бұдан басқа, қолданыстағы станцияларда жолаушыларға арналған дәретханаларды орнату мүмкіндігі қарастырылып жатыр, - деді «Метропроект» ЖШС өкілі.

Алматы жер асты станциясының ең терең 3 залының сәулеттік-көркемдік шешімі заманауи стильде - дәстүрлі элементтерді пайдаланбай жасалды. Қабырғалары ақшыл сары және қоңыр мәрмәрмен қапталған, еденіне сұр-ақшыл сары және қоңыр түсті гранит қапталған. Ернеуітот баспайтын болаттан жасалған. Платформаның бүйір жағында қола рельеф техникасындағы көркем панно және «флоренциялық мозаика» орнатылған.

Анықтама:

«Абай» станциясының залдары - орталық және бүйірлік, ені 15.2 м және ұзындығы 104 м ортақ аралдық платформаны құрайды. Станцияға түсу-көтерілу - көтерілу биіктігі 46,0 м, ұзындығы 104 м эскалаторлар (4 таспа) бойынша жүзеге асады.

Өзгелердің жаңалығы