Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік жетілікке кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ktf.kz 18 Сәуір 2023 2023, 12:30
18 Сәуір 2023 2023, 12:30
1285
Фото: ktf.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік жетілікке кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының ресми мәліметіне сәйкес, Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 10-нан бірден 6-орынға көтерілді.

Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания секілді командаларды артқа қалдырды. 

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Польша теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Наверх