Теннистен ұлттық құраманың жаңа капитаны тағайындалды

23 Желтоқсан 2019, 08:49
2678
Бөлісу:
Теннистен ұлттық құраманың жаңа капитаны тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шешіміне сәйкес келесі жылы Дэвис кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа капитанның басшылығында өнер көрсететін болады.

Бұл жауапты лауазым бұрынғы капитан Диас Досқараевтан теннис федерациясының аға бапкері Юрий Щукинге өтеді.Жаңа капитанды тағайындай отырып, Болат Жәмітұлы Диас Досқараевқа атқарған ісі үшін алғысын білдірді.

Осы мерзім ішінде біздің команда үлкен нәтижелерге қол жеткізді, біз бес рет Дэвис кубогінің ширек финалына шықтық. Федерация вице-президенті ретінде Диас Досқараев көптеген әкімшілік мәселелерді шешуі тиіс, тіпті қазір оларға аса үлкен назар аудару қажет, сондықтан капитандық міндетін Қазақстанның ең танымал теннисшілерінің бірі болған, ал қазіргі таңда білікті бапкер болып саналатын Юрий Щукинге жүктеу шешімі қабылданды, - деді ол.

Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қазақстандық құраманы 2012 жылдан бастап жеті жыл бойы басқарды.

Болат Жәмітұлына маған білдірген сенімі үшін рақметімді айтамын. Осыншама ұзақ уақыт бойы ұлттық құрама командасының капитаны болу үлкен құрмет деп білемін. Юрий Щукиннің тәжірибесі өте мол, ол өзі де 2013 жылға дейін команда құрамында Дэвис кубогінде ойнады, одан кейін командамыздың ресми бапкері атанды.Теннисшілеріміздің барлығы оны жақсы таниды, сыйлайды. Юрийдің әрі ойыншы, әрі бапкер ретіндегі тәжірибесі капитандық ісінде жағымды әсерін тигізетініне сенімдіміз, - деп пікір білдірді Диас Досқараев.
Юрий Щукин – спорт шебері, Қазақстан теннис федерациясының аға бапкері. Кәсіби теннисші ретінде Юрий Серхи БругераЯркко НиеминенФилиппо ВоландриЮрген МельцерЯн СимеринкГаэль МонфисКристоф ВлигенФеликс МантильяРайнер ШуттлерФлориан МайерМариано СабалетаМихаил Южный секілді мықты ойыншыларды жеңген болатын. Соңғы 6 жыл ішінде Юрий Щукин бапкерлік қызметін атқаруда. Қазақстан құрама командасында жұптық дәрежеде ойнайтын Андрей Голубев пен Александр Недовесов та одан тәлім алуда. Соңғы маусымда олар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті: ATP Challenger турнирларында екі рет жеңіске жетіп, бір рет финалға шықты.    

Айта кетейік, 2020 жылдың 6-7 наурызында Дэвис кубогінің финалдық ойындарына іріктеу матчтары шеңберінде Қазақстан Голландия командасын қабылдайды. Ойындар Нұр-Сұлтан қаласының ұлттық теннис орталығында өтеді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы