Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Жартылай финалда біздің теннисшілер Польша құрамасымен кездесті.
Алғашқы ойында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты.
Турнирлік маңызы жоқ соңғы кездесуде Жібек Құламбаева мен Александр Шевченко Майя Хвалиньска және Ян Зелински жұбына 4:6, 1:6 есебімен жол берді.