Теннистен ел намысын кімдер қорғайды?

Теннистен ел намысын кімдер қорғайды?
349

Ел намысын қорғайтындардың есімі жарияланды. Бірер аптадан кейін теннистен ерлер арасындағы Дэвис кубогі басталады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік дода биыл ерекше форматта ұйымдастырылмақ. Яғни, топтық кезең алғаш рет төрт қалада өтеді. Кейін әр топта үздік атанған екі командаға  ширек финал жолдамасы беріледі. 

Дәл осы додада Қазақстан атынан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев және Александр Недовесов бестігі сынға түседі. Жігіттер Д тобында ойнайды. 

Бұнда жерлестерімізден бөлек, Ұлыбритания, Нидерланды және АҚШ командалары бар. 

Турнирдің өзі 13 және 18 қыркүйек аралығында Шотландияның Глазго қаласында болады деп жоспарланып отыр. 

Ал, плей-оффқы шыққан құрамалар 23 және 27 қарашада Испанияның Малага қаласында тағы өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетейік, Қазақстан Дэвис кубогында 1995 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта бірнеше мәрте ширек финалға дейін жетті.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы