Теннисшілердің жаңа рейтингі шықты

30 Сәуір 2019, 11:17
2076
Бөлісу:
Теннисшілердің жаңа рейтингі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады. 

Рейтингтің көшін әлі де болса, жапониялық Наоми Осака бастап тұр. Екінші орынға чех қызы Петра Квитова көтерілді. Үздік үштікте Симона Халеп бар.

Қазақстандық теннисшілерден Юлия Путинцева өткен аптамен салыстырғанда үш сатыға төмендеп, 41-орынға жайғасқан. Зарина Диас та өз орнып қала алмады. Қазіргі кезде ол 115-сатыға орналасқан. 

Жұптық бәсекеде Галина Воскобоева 59-орында тұр. 

Алғашқы ондық:

1 (1*). Наоми Осака (Жапония) – 6151;
2 (3). Петра Квитова (Чехия) – 6015;
3 (2). Симона Халеп (Румыния) – 5682;
4 (5). Ангелик Кербер (Германия) – 5220;
5 (4). Каролина Плишкова (Чехия) – 5111;
6 (6). Элина Свитолина (Украина) – 4921;
7 (7). Кики Бертенс (Нидерланды) – 4765;
8 (8). Слоан Стивенс (АҚШ) – 4386;
9 (9). Эшли Барти (Аустралия) – 4275;
10 (10). Арина Соболенко (Белоруссия) – 3520;
...
41 (39). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1262;
115 (107). Зарина Диас (Қазақстан) – 542.

Өзгелердің жаңалығы