Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

 Қазақстан теннис федерациясы 17 Мамыр 2025 2025, 16:34
17 Мамыр 2025 2025, 16:34
592
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.

Наверх