Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теннисші Скатов Италиядағы турнирдің финалында ойнайды

17 Тамыз 2025, 21:27
417
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 246-ракеткасы, монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасты.

Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Тимофей жеңіске жетті.

Екі сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Өзгелердің жаңалығы