Теңіз және жағалау көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2 есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында республикада көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 883,4 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық. Осы кезеңде жүк айналымы 1,6% артып, 442,6 млрд т-км-ге жетті.
Ең үлкен өсімді теңіз және жағалау көлігі көрсетті, онда тасымалдау екі есе өсті. 10 айдың ішінде теңіз көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2,3 млн тоннаны құрады.
Абсолютті мәнде жүктердің ең көп көлемі темір жол көлігімен тасымалданды – 352,4 млн/Т, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% артық.
Автомобильмен жүк тасымалдау көлемі 283,6 млн/Т (өсім 19,8%) құрады, әуе арқылы тасымалданған жүк көлемі 22,4 мың/Т, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1% артық. Ал ішкі су көлігімен жүк тасымалы 48,3% төмендеді.