Теңіз кен орнындағы жарылыс: жұмысшылар демалысқа жіберілді

10 Шілде 2022, 11:23
1429
Бөлісу:
Теңіз кен орнындағы жарылыс: жұмысшылар демалысқа жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сынақтар жүргізген мердігер жұмысын уақытша тоқтатты. 4 мыңға жуық жұмысшы демалысқа жіберілді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жантүршігерлік оқиға "Сенімді құрылыс" ЖШС жұмысшылары ауысымының аяқталуына екі күн қалғанда болған. Бұл туралы өндірістік байланыс менеджері Гүлмира Бапанова айтып берген.

Оқиғадан кейін жұмыс жартылай тоқтатылды, бұл күндері еңбекақы төленетінін ескеріп, жұмысшылар үйіне жіберілді. Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мұндай бірінші рет болып отыр. Компания қауіпсіздік ережелеріне үлкен мән береді, - деді Гүлмира Бапанова.

"Сенімді құрылыс" компаниясы 30 жылдан бері Теңіз кен орнында мердігер болып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп келеді.

Зардап шеккендердің жағдайын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты.

Қазір зардап шеккендердің бірі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл ота жасалды. Құрманғазы ауданының 1996 жылғы тұрғынының ішкі органдары жарылыстан зақымданған, сондай-ақ омыртқасы мен бірнеше қабырғасы сынған. Оның жағдайы өте ауыр, - деді Асахан Байдувалиев.

Оның айтуынша, 1998 жылы туған екінші зардап шегушіге алғашқы психологиялық көмек көрсетілген. Психологтардың жұмысы жас жігіттің күйзелістен шығуына көмектескен. Қазір ол есін жиды.

Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген үшінші зардап шегушіге келсек, науқас қолхат бойынша үйіне шығарылған.

Еске салайық, 6 шілдеде Теңіз кен орнында құбыр жарылып, екі жұмысшы қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы