Теңіз кен орнынан эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

5 Сәуір 2024, 21:45
526
Бөлісу:
Теңіз кен орнынан эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
Фото: gov.kz

Телеграмда Теңіз кен орнынан адамдарды эвакуациялау туралы жалған ақпарат шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік штаб бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, Теңіз кен орнынан эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Telegram-арналардың бірінде таралып жатқан Теңізден эвакуациялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі сәтте кен орнындағы жағдай штаттық, тұрақты. Біз тұрғындардан тек ресми ақпаратқа сенулерін сұраймыз, - деді Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік штабтан.

Өзгелердің жаңалығы