Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды

4 Ақпан 2021, 10:33
1586
Бөлісу:
Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік «Tengri Bank» акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, агенттік «Tengri Bank» АҚ әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлына (1977 жылы туған) және банкке бағынышты компанияларының бірінің басшысы болған Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужанқызына (1991 жылы туған) іздеу жариялады. 

Аталған адамдарға халықаралық іздеу жарияланған. Ұсталған жағдайда олар бірден тұтқындалады. Агенттік осы кісілер жайлы бірдеңе білген азаматтарға 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, былтыр Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Tengri Bank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі лицензиясынан айырған болатын. Сонымен қатар Tengri Bank салымшыларына 10,7 млрд теңге төленді.



Өзгелердің жаңалығы