Теңгедегі депозит. Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды?

3 Қыркүйек 2023, 18:11
5603
Бөлісу:
Теңгедегі депозит. Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды?
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Ұжымдық сақтандыру жүйесіне енгізілген ҚР ЕДБ-дегі халықтың ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді депозиті маусым айында 5,6 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғыдан 3,5% артық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

finprom.kz-тің мәліметінше, ай сайынғы өсімнің көшбасшысы Fortebank: бірден 25,8% көбейіп, 22,1 млрд теңгеге жетті. Банктегі қысқа мерзімді теңгелік депозиттер көлемі жағынан айтарлықтай үлкен: 315,9 млрд теңге, мұнда да өсім байқалады, бір айда 5,8%.

Жалпы, халықтың қаржы институтындағы ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымы бір айда 6,9% өсіп, 338 млрд теңгеге жетті. Тағы 257,2 млрд теңгені жеке тұлғалардың шетел валютасындағы мерзімді депозиттері құрады. Нәтижесінде жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерінің жиынтық портфелі 595,2 млрд теңге. Жалып жеке тұлғалардың депозиті — 763 млрд теңгеге болса, барлық санаттағы депозиттердің жалпы сомасы 2,1 трлн теңге. Жалпы, банкте жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілерінің депозиттерінің кең спектрі бар, оның ішінде мерзімді, мерзімді емес және жинақ, сонымен қатар шартты депозиттер бар.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында Еуразиялық Банк: 10,5% көбейіп, 273,6 млрд теңгеге жетті. Халықтың банктегі мерзімді теңгедегі депозитінің жалпы көлемі 464,6 млрд теңгені, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері — 647,2 млрд теңгені, жалпы жеке тұлғалардың депозиті — 1 трлн теңгені құрады.

Үздік үштікте ЦентрКредит банкі бар: 7,6% көбейіп, 601,5 млрд теңгеге жетті. Жалпы, жеке тұлғалардың банктегі ұлттық валютадағы мерзімді депозиті 830,3 млрд теңгені, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері — 1,5 трлн теңгені, жеке тұлғалардың депозиті — 1,9 трлн теңгені құрады.

Теңгедегі депозит. Қазақстандықтар ақшасын қай банкте сақтайды?

Жалпы, халықтың ұзақ мерзімді теңгедегі депозиттері ұжымдық сақтандыру жүйесіне қатысушы 19 банктің 15-де бар. Осы 15 банктің ішінде ай сайынғы динамика бойынша 7 ЕДБ өсім көрсетсе, 7 қаржы институтының көрсеткіші төмендеді, бір банкте өзгерген жоқ.

Қазақстанда жеке тұлғалардың (соның ішінде жеке кәсіпкерлердің) екінші деңгейлі банктердегі депозиті Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалатынын еске сала кетейік. Банк банк лицензиясынан айырылған жағдайда қор салымшыларға өтемақы төлейді. Осылайша қор қаржылық тұрақтылыққа өз үлесін қосып, азаматтардың қазақстандық банк секторына деген сенімін сақтайды.

Өзгелердің жаңалығы