Ұлттық банк теңгеге қысымды азайту үшін алтын-валюта қорын сатып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда бәрі дұрыс бағытта келе жатыр. Қаңтар мен ақпан айында 950 миллион долларды нарыққа ұсындық. Ешқандай мәселе жоқ. Соның нәтижесінде теңге бағамы тұрақтанды. Оны Қазақстан қоры биржасы арқылы ашық сатылымға шығардық, - дейді Мұратұлы ведомствода өткен брифингте.
Сүлейменов "Базалық ставка тағы да көтерілуі мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді.
Иә, мүмкін. Өкінішке қарай, базалық мөлшерлеме инфляцияға байланысы бар. Сондықтан инфлция өскен сайын бізде базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді. Бүгін біз мұндай мәселенің алдын алу үшін көтеріп отырмыз, - деді ол.