Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің жыл басынан бері қанша пайызға нығайғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы жылдың басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 450,65 теңгеге дейін, яғни 0,9 пайыз нығайды. Ұлттық Банк икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады және валюталық интервенциялар жүргізбейді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Оның сомасы ақпан айында 609 млн долларға жетті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу көлемі 400 млн долларға жетті, - дейді Тимур Сүлейменов.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк басшысы ақпан айында инфляция қарқының төмендегенін айтқан болатын. Сондай-ақ Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикалық тұрғыда оң өсім көрсеткен өңірлерді атады.