Теміржолдағы қараусыз мал үлкен қауіп төндіреді

Кеше, 16:24
205
Бөлісу:
Теміржолдағы қараусыз мал үлкен қауіп төндіреді
Фото: railways.kz

ҚТЖ локомотив бригадалары мал басуды болдырмас үшін жыл басынан бері екі мыңнан астам шұғыл тежеу қолданды. Соның ең көбі Атырау, Қарағанды және Маңғыстау өңірлерінде тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, темір жолдың бойында қараусыз қалған үй жануарлары пойыздар мен жолаушылар қозғалысына қауіп төндіреді, пойыз вагондарының рельстен шығып кетуіне, локомотив бригадаларының жарақаттануына, локомотивтердің зақымдалуына, жолға, пойыздардың кешігуіне, пойыздар қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеледі.

Ірі мүйізді және ұсақ малдарды басудың алдын алу үшін теміржолшылар тұрақты негізде елді мекендердің тұрғындарымен темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю жағдайларына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Биыл 1400 жиналыс өткізіліп, 34 мыңға жуық адам қамтылды. 54 мыңнан астам мал иесі мал жаю және темір жол арқылы мал айдау ережелерімен танысты. 50 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен темір жолдардың маңында мал жаю ережелерін бұзу бөлігінде жауапкершілік туралы көшірме үзіндісін алды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы