Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусымнан Қазақстан бойынша теміржол жолаушылар қатынастары іске қосылды.
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен және де ҚР инудстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен 2020 жылдың 1 маусымынан Қазақстан бойынша Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер талаптарын ескере отырып теміржол жолаушылар қатынастары кезеңімен қалпына келтіріледі.
Өз жолаушыларының қауіпсіз жол жүруі мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық жылжымалы құрамдарын жазғы маусымға даярлап қойды. Қолайлы ауа ылғалдығы мен температуралық жағдайды қамтамасыз ету үшін желдеткіш пен ауа баптау жүйелеріне ревизия жүргізілді. Табиғи желдетудің болуында тәулігіне 10 минуттан ауаны 3 рет тазарту ұсынылады.
Жол жүру барысында және әрбір рейстен кейін зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып вагондарда тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Коронавирус пандемиясымен байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жол жүруге алдын ала дайындалуды және жолға жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қажетті2020 жылдың 1 маусымынан жолаушылар пойыздарға отыруы үшін вокзалдарға тек жеке қорғаныш құралдары (маска) және жол жүру құжаты (билеті) болғанда ғана жіберіледі, ал шығарып салушылар кіргізілмейді.
мөлшерде алып жүруін сұрайды. Сондай-ақ өздерімен бірге сусындар мен тамақты да алып жүрулері тиіс, өйткені вагон-ресторандар жұмысына әлі рұқсат етілмеген, - делінген хабарламада.
Вокзал ғимаратына кірер алдында байланыссыз жолаушылар термометриясы міндетті түрде жүргізіледі. Жолаушы вокзалда болудың жаңа талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартыларын да атай кету қажет. Күту залдарында жолаушылар 1 метрден кем
емес әлеуметтік қашықтықта отырғызылады. Жол жүру барысында науқастанып немесе өзін жаман сезінгенде жолаушы барлық туындаған мәселелер бойынша вагон жолсерігіне жүгіне алады.
Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылдың 15 мамырынан теміржол билеттерін сату басталғандығын қаперге салады, және де өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын қашықтық режимінде BILET.RAILWAYS.KZ. сайтынан рәсімдеуге шақырады.
Жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша біле алады, сондай-ақ жолаушылардан өтініштер мен шағымдар қабылдау үшін "1433" бірыңғай тәулікбойғы байланыс-орталығы (стационарлық телефонмен
байланысу тегін) жұмыс істеп тұр.