Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теміржол саласының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары марапат берілді

1 Тамыз 2025, 09:29
419
Бөлісу:
 ernur.kz
Фото: ernur.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен теміржол саласының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары марапат берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы