Теміржол өткелдерінде камералар орнатылды

3 Наурыз 2023, 11:03
1361
Бөлісу:
Теміржол өткелдерінде камералар орнатылды
Фото: BAQ.KZ

Теміржол өткелдерінде бұзушылықтарды тіркеу камералары орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы «Интер Трейд Систем» ЖШС-мен жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын теміржол өткелдеріне 10 «Бүркіт» аппараттық-бағдарламалық кешенің орнату бойынша келісім жасасты. Бұл шара теміржолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Талдау көрсеткендей, көбінесе өткелдердегі апаттар автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен болып жатады. Құқық бұзушылыққа неғұрлым бейім өткелдерді анықтау үшін 54 теміржол өткеліне зерттеу жүргізілді. Бейнетіркегіштерді бірінші кезекте орнату үшін 10 өткел анықталды.

 Пилоттық режимде Астана станциясының екі өткелі бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Жаңа – Қарағанды – Майқұдық аралығында және Қарағанөзек станциясының өткелінде тағы екі камера, сондай-ақ магистральдық желінің Алматы бөлімшесі шекараларында: Ақсеңгір – Шамалған, Байсерке – Жетісу, Ақсеңгір – Бұрындай аралықтары мен Байсерке станциясының өткелінде де камералар орнатылды, - делінген компания хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы