Теміртаулық тәртіп сақшылары 5 қабаттан секірмек болған адамды құтқарды

6 Наурыз 2023, 13:38
912
Бөлісу:
Теміртаулық тәртіп сақшылары 5 қабаттан секірмек болған адамды құтқарды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теміртау полицейлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған адамды құтқарды. 2 наурызда сағат 15.30 шамасында жедел басқару орталығына 9 шағын аудандағы 5 қабатты үйдің төбесінде ер адам отырғаны және шатырдан секіргісі келетіні туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына қаланың патрульдік полиция батальонының ең жақын жасақтары барды. Полиция көпқабатты үйдің төбесінде отырған шамамен 35 жастағы ер адамды көрді. Ол полицияға секіретінін айтқан, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Өмірімен қош айтыспақ болған азамат бұрынғы әйелімен ұрсысып қалғаны белгілі болды. 

Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларда ең бастысы – адамды суицидтік ойдан алшақтату, сабырлы болу, оқыс қимылдан сақ болу маңызды екендігін айтады.  

Белгілі болғандай, екі-үш полицей ер адаммен диалог жүргізіп жатқанда, қалған екеуі үйдің бірінші кіреберісіне кіріп, бесінші қабатқа көтерілді. Олар ер адамға екі жағынан абайлап жақындап, қолдарына алып, қауіпсіз қашықтыққа сүйреп апарған. Медициналық тексеруден және куәландырудан кейін істің мән-жайын одан әрі анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы