Теміртаулық бойжеткен жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

10 Сәуір 2021, 00:24
1975
Бөлісу:
Теміртаулық бойжеткен жоқ күшіктерді 6 миллион теңгеге сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда 20 жастағы қыз әлеуметтік желілер арқылы жоқ күшіктерді сатқан. Осылайша ол сатып алушыларды алты миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуірде әйел күшік сатып алу үшін белгісіз қыздың картасына 35 мың теңге аударғанын айтып, полицияға хабарласқан. Ақшаны алғаннан кейін «сатушы» хабарсыз кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері 20 жастағы қызды ұстады. Оның мамандандырылған сайтта күшік сататыны туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды. Ол асыл тұқымды күшіктің суретін жариялап, арзан бағада сататынын көрсеткен. Сол арқылы Желі қолданушыларының қызығушылығын тударған. Сатып алушыны соңғы күшік қалғанына да сендіре білген, - деді полицей.
Тиімді ұсынысты жіберіп алмау үшін адамдар «жалған сатушыға» мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Бірақ кейін сатушы хабарсыз кеткен.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, күдікті осы әдіспен 71 адамды алдаған. Жоқ күшіктер үшін жәбірленушілер оған алты миллион теңге аударғаны анықталды.

Күдіктіге қатысты 190-баптың 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы