Төтенше жағдайлар министрлігі Теміртаудағы жарылыс болған жерде үйінділерді тазарту, іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 09:08 40 ш.м.алаңда өрт оқшауланды.
Үйінді астынан табылған әйелдің жағдайы күрделі. Ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
ТЖД базасында және сол жерде жедел штабтар орналастырылған.
Жедел желі телефоны ұйымдастырылды: 51-72-23
Психологиялық көмек көрсету үшін жергілікті жерде ТЖД психологтары жұмыс істейді. Барлығы 177 адам және 38 техника жұмылдырылды.