Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда баланы балабақшаның темір қоршауы басып қалған Қазіргі уақытта бала өмір мен өлімнің арасында, деп жазды анасы Instagram-да.
Бала өтіп бара жатқан кезде қатты жел соғып, қоршау оның үсітне құлап түсікен. Анасының айтуынша, қоршау бекітілмеген екен.
Менің балам қазір өмір мен өлім арасында жатыр. Оның желке аймағында бас сүйегі сынған, - дейді әйел.
Теміртау полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Іс Қылмыстық кодексінің 277-бабы бірінші бөлігі бойынша («тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») басталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады полиция департаментінен.
Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі болады.