Теміртауда су тасқынына қарсы бірқатар шара қабылданды

12 Қараша 2024, 14:08
237
Бөлісу:
Теміртауда су тасқынына қарсы бірқатар шара қабылданды
Фото: gov.kz

Су тасқынынан қауіпсіз өту үшін алдын ала дайындық жұмыстары қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласында және Ақтау кентінде былтырғы маусымнан алынған тәжірибеге сүйене отырып, инженерлік жұмыстардың жоспары әзірленді. Оған енген 13 шараның басым бөлігі орындалды.

Көктемгі су тасқынынан өткеннен кейін төтенше жағдайға қарсы қандай іс-шаралар әлі де қажет екендігіне талдау жасалды. Қауіпті учаскелерде жұмыс жазда және күзде жүргізілді. Су өткізу жүйесін жақсартуға баса назар аударылды. Бұл су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді Теміртау қаласы ТЖБ бастығы Нұрмұхамед Интуев.

Мысалы, Артас және Жаңаауыл станцияларына қосымша су өткізу құбырлары орнатылды.

Теміртауда су тасқынына қарсы бірқатар шара қабылданды

Огородная көшесінің бойында су бұру арнасы тазартылды, әрі су өткізу жүйесі қайта жаңартылды. Сонымен қатар, Әзірбаев, Северная көшелерінде жұмыстар жүргізілді. Ақтау кентінде су бұру каналы тазартылып, тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Келесі жылы еріген қар суын ағызып жіберетін құбырды және қаладағы арық жүйесін қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Ақтау ауылында арнаның түбінде су өткізу құбырларының орнына өткізгіш қабілеті жоғары дюбингтер орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы