Теміртауда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

4 Мамыр 2021, 23:23
1425
Бөлісу:
Теміртауда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Теміртау қаласының полицейлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен тонау фактісі бойынша іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. 

29 сәуір күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеріс барысында оның аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. 

Күдікті 2017 жылы Омбы облысында ашық тонау жасап, оқиға орнынан ізін суытқан. 2017 жылдың наурыз айында оған Ресей Федерациясының ІІМ Омбы облыстық басқармасы мемлекетаралық іздеу жариялаған.

Өзгелердің жаңалығы