Теміртаудағы көп қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды BАQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 7 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның бесеуі – бала.
Оқыс жағдай жайлы хабарлама 13:56-да түскен. Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Дегенмен, 6 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген.
Төтенше жағдай департаментінің мамандары пәтерлер арасындағы қабырға мен есіктің, сондай-ақ подъездегі терезе жақтаулардың да бүлінгенін мәлімдеді.
Өңір құтқарушылары көпқабатты үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынғанын ескертті. Алайда оған құлақ аспайтындар көп.