Теміртауда екі баланың жанжалы әкелерінің оқ атуымен аяқталған

9 Мамыр 2021, 18:21
1974
Бөлісу:
Теміртауда екі баланың жанжалы әкелерінің оқ атуымен аяқталған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласында мылтықпен оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

9 мамырда жедел-іздестіру шарасы барысында Теміртау полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Armsan маркалы тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.


Еске салсақ, 8 мамырда кешке Теміртаудағы 8-шағын аудандағы аулалардың бірінде екі кәмелетке толмаған бала арасында жанжал туған. Оларды ажырату үшін әкелері шыққан көрінеді. Кейін екі әкенің арасындағы ұрыс-керіс салдарынан біреуі мылтық алып шығып, аспанға екі рет оқ атқан. 

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелген. 


Өзгелердің жаңалығы