Теміртауда дүкен тонамақ болған қаскөй оқиға орнында ұсталды

11 Наурыз 2021, 03:52
1410
Бөлісу:
Теміртауда дүкен тонамақ болған қаскөй оқиға орнында ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласында дүкен тонамақ болған азамат қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні Теміртау қалалық полиция басқармасына белгісіз біреудің сауда орнында сатушымен жанжалдасып жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сол жерге жақын маңдағы қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының нараядтары жіберілді.

Полиция қызметкерлерінің оқиға орнына жылдам жетуінің арқасында қаскөй дүкен кассасын тонап кетпекші болған әрекетін жүзеге асыра алмады. Дүкеншінің айтуынша, сол кезде кассада 65 мың теңге ақша болған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы арқылы 191-бабына (Тонауға оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы