Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды

10 Тамыз 2021, 11:14
3625
Бөлісу:
Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының 8-нен 9-ына қараған түні Ескіқалалық полиция бөліміне орталық ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 27 жастағы қала тұрғыны жатқызылғаны туралы ақпарат түскен. 

Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілген. Полиция қызметкерлері оқиға сөзге келіспеушілік салдарынан болғаны және оның барысында травматикалық қару қолданылғанын анықтады. 


Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. 

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20 мен 37 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлері бұзақылық әрекетті бастауға себеп болған 30 жастағы ер адамды анықтады. Ол қаладағы үйлердің ауласында жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, травматикалық қарумен оқ атқанын мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қару тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан басқа да азаматтарды ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы