Теміртаудағы "қара қар" тексеріледі - министрлік

2 Ақпан 2020, 16:16
1466
Бөлісу:
Теміртаудағы "қара қар" тексеріледі - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы экологиялық жүктемелерді төмендету бойынша шаралардың орындалып жатқаны тексеріледі. 

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Теміртау тұрғындарының хабарламасына жауап беру кезінде айтты.

Теміртау тұрғындары "қара қар" туралы тағы да хабарлады. Экология департаменті қаладағы табиғатты пайдалану деректері мен қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға жүктемені төмендету шараларының орындалып жатқанын тексереді. Оның нәтижесі жұртшылыққа хабарланады, - деп жазды министр Twitter-де. Теміртау тұрғындары қардың суреті мен видеосын әлеуметтік желілерде жариялады.

Өзгелердің жаңалығы