Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды

28 Наурыз 2024, 22:25
520
Бөлісу:
Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысы Темір ауданы аумағында 2024 жылдың 28 наурызынан бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қардың көп мөлшерде еруі 25 наурыздан байқалып, 28 наурыз күні Ойыл, Темір, Бабатай өзендері өз арнасынан шығып, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Қайыңды, Саркөл ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерде тұрғын үйлерді су алды.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы күресте тиісті жұмыстар атқарылуда.

Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетін болады. Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев барлық тұрғындарды сабырлыққа, үрей бой болдырмай, бұл кезеңнен ауызбіршілікпен шығуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы