Полицейлер ұшақ бортында темекі шеккен әйелді әуе рейсінен түсіріп алды

11 Қазан 2019, 18:13
3290
Бөлісу:
Полицейлер ұшақ бортында темекі шеккен әйелді әуе рейсінен түсіріп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматша әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

11 қазан күні Қарағанды қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне «FlyArystan» АҚ әуе компаниясының өкілінен «Алматы-Қарағанды» бағытындағы әуе кемесінің бортында құқықбұзушылықтың болғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесі бортында электрондық темекі шеккен 26 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Азаматша әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді. 

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 тармағы (әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген ведомство хабарламасында

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 43 277 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін – 2 981. 

                                               

Өзгелердің жаңалығы