Түрмедегілерге телефон кіргізбек болғандар ұсталды

28 Қаңтар 2020, 22:19
1565
Бөлісу:
Түрмедегілерге телефон кіргізбек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрмеде жатқан адамдарға тыйым салынған заттарды берудің түрлі айласы бар. Тәркіленетін заттардың ішінде ең көп кездесетіні – ұялы телефон.

Бұл жолғы телефондар етіктің, шәйнектің және қойытылған сүттің ішінен табылды.

Алматы қаласындағы ЛА-155/18 түзеу мекемесінде (тергеу изоляторы) заң бұзушылық анықталды. 1995 жылы дүниеге келген әйел көлемі 5,8 см қалыңдығы 1 см болатын "L8star" маркалы ұялы телефонды шәйнекке жасырып әкелген. Осындай ұялы телефон пластикалық құмырадағы қойытылған сүттің ішінен де табылған болатын - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу изоляторына келушілерге арналған стендтте тергеудегі адамдарға беруге болатын және болмайтын заттардың тізімі ілінгенмен, бақылаушылар тексеруі кезінде тыйым салынған заттарды жиі анықталады.

Соның бірі – тергеу абақтысындағы бауырына ұялы телефонды етіктің ішіне салып, өткізбекші болған жігіт. Барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама жасалып, материалдар сотқа жолданды - дейді тергеушілер.

Өзгелердің жаңалығы