Бұл туралы «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай сайлау алды теледебатта мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті, зауыттарды қолдаймыз деп 30 жыл бойы партиялар қолдау көрсетті. Дегенмен ең соңында не болды? Адамдарымыз ауруға шалдықты. Біз осы сайлау кезінде көптеген зауыттарға барып, араладық. Онда қаншама ауру адамдар бар. Тіпті, обыр ауруына шалдығып өліп жатқандар бар. Олардың жағдайын кім ойлап жатыр. Әр жұмыс, әр өңдіріс адамға бақыт әкелмейтін болса, бұл өндірістердің бізге не керегі бар?, - дейді партия өкілі.
Айта кетейік, Мәжіліс сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдерінің арасында пікірсайыс өтіп жатыр.