Израильдің Холон қаласының орталығында белгісіз біреулер адамдарға пышақпен шабуыл жасап, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Rg.ru-ға сілтеме жасап.
Құрбандарға пышақ жарақатын салған белгісіз адамды полицейлер атып тастаған. Құрбандар бір-бірінен 500 метрдей жерлерден табылғаны белгілі болды.
66 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмған. Ал 70 жастағы ер адамның жағдайы аса ауып деп бағаланып, артынша есін жимастан қайтыс болған. 26 жастағы ер адамның жағдайы да орташа ауыр.
Дәрігерлер күдіктіні медициналық мекемеге жеткізгенімен, оның да өлімін тіркеді.
Алдын ала деректерге сәйкес, шабуылдаушы Батыс жағалаудағы Сальфит қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның Израильге кіруге рұқсаты болмаған.