"Тексеріс жүргізіледі". Скляр туфлимен өрт сөндіруге барған орманшылар туралы

13 Маусым 2023, 12:24
909
Бөлісу:
"Тексеріс жүргізіледі". Скляр туфлимен өрт сөндіруге барған орманшылар туралы
Фото: BAQ.KZ

Бұл бойынша қылмыстық іс аясында тексеріледі. Үкімет отырысынан соң Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рацияның және арнайы киімдерінің болмағаны тексеріледі. Қостанай облысындағы өрттен сабақ алмадық деп айта алмаймыз. Материалдық-техникалық базадағы жұмысты күшейттік. Өрт желдің әсерінен бірден өршіп кетті. «Ғарыш сапары» штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл жағдай ТЖМ-де айтылды. Өрттің басталғаны туралы орман шаруашылығы да білді. Қайталап айтамын, жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрттің ауқымы бағаланбады, - деді Скляр.

Еске салайық, Абай облысындағы алапат өрттің салдарынан 14 орманшы қаза тапты. Орман өртінен қаза тапқандар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы