Текеліде тал кестірген мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

24 Шілде 2022, 01:20
1703
Бөлісу:
Текеліде тал кестірген мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Текелі қаласындағы мектеп директоры ағаш кескені үшін айыпты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектеп директоры оқу орнының аумағындағы қарағайлы аллеяны кесуге бұйрық берген. Бұл қоғамдық наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл жай ағаштар емес, Қырым қарағайының сирек кездесетін түрі деп отыр. Ал мектеп басшысы олар қатты желде құлап, біреуді жарақаттауы мүмкін деп қауіптенген көрінеді. 

Жетісу облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция басқармасының бас инспекторы Бағлан Рымжановтың айтуынша, әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте мектеп директорының әрекеті заңсыз деп танылды.

Текелі полициясында Қылмыстық кодекстің 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материалдық шығының көлемі 1 715 280 теңгені құрап отыр, - дейді Рымжанов.

Өзгелердің жаңалығы