Тек 17-үміткер судья бола алады. Асанов соттағы жаңашылдық туралы айтты

24 Қараша 2021, 14:41
1348
Бөлісу:
Тек 17-үміткер судья бола алады. Асанов соттағы жаңашылдық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов «Сот жүйесіндегі сот кеңестерінің ролі мен орны және олардың заманауи модельдері» тақырыбындағы халықаралық онлайн дөңгелек үстелде айтты.

Егер судья кадрлары мықты болмаса, лайықты судьялар корпусын құру бойынша ешқандай нәтиже бермейді. Әкімдіктер мен министрліктерде әлсіз шенеуніктің жұмысы көрінбей қалу мүмкін болса, сотта олай емес. Кез келген мемлекеттік органда шешімді бірінші басшы қабылдайды, бірақ оған өзге қызметкерлер көмектеседі. Ал судья бірінші күннен бастап өзі шешімді қабылдап, үкім шығарады. Оның тәжірибесі 20 жыл ма, кеше ғана келді ме маңызды емес, - деді Жақып Асанов.

Ол атағандай, судья кадрларының біліктігі мәселесі өте өзекті болып отыр.

Соңғы жылдары Жоғарғы сот пен сот кеңесі бірлесе бірқатар заңды қабылдады. Судьялардың іріктелуі мен жоғары мансаптық мәртебесі туралы мәселелерін қарадық, - деді Асанов.

Оның айтуынша, жаңа заңнамалар судьяларды іріктеу тәртібін өзгертті.

Әлсіз, біліктігі төмен заңгерлер судья лауазымына жетудің мүмкіндігін жапты. 2019 жылға дейін әрбір 4-ші үміткер судья бола алатын. Ал қазір тек 17-ші үміткер ғана судья бола алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы