"Техникалық ақау". Блогерлерлерге жіберілген салық хабарламалары қайтарылды

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге қатысты салықтық хабарламалардың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Арман Мухатов  - архив 21 Ақпан 2025 2025, 17:22
21 Ақпан 2025 2025, 17:22
1004
Фото: - архив

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге қатысты салықтық хабарламалардың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, бұл шешім техникалық ақаулардан болыр қабылданған.

Алайда салық органдары бұл блогерлерге хабарламалар қайта жолданатынын ескертті. Осыған дейін 594 блогерге 53,3 млрд теңге көлемінде салықтық хабарлама жіберілгені белгілі. Техникалық ақаулар жойылған соң, 93 блогерге хабарламалар қайта қалыптастырылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін блогерлерге салық бойынша хабарламалар келген еді.

Наверх