Ақтөбеліктерге тегін жұмыртқа таратылуда

10 Ақпан 2019, 11:53
3692
Бөлісу:
Ақтөбеліктерге тегін жұмыртқа таратылуда

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы жұмыссыз әйел Jas project жобасынан алған грантқа ауылда әлеуметтік бейімделген бизнес ашты. 


Ақтөбе облысының  Маржанбұлақ ауылының тұрғыны 28 жастағы Викторий Ширяева өткен жылы Jas project жобасына қатысып, 1 млн теңге көлемінде грант ұтып алған. Жоба жұмыртқа бағасының төмендеуіне алып келетін құс фабрикасын құруға бағытталған. Бұл әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және қарттарға азық-түлікпен көмектесуге ықпал етеді.

Берілген қаражатқа Ширяева 200 тауық пен инкубатор сатып алады. Жоба шарттарына сәйкес, жарты жыл бойы кәсіпкер ауылдастарына тегін жұмыртқа таратады.

Ауылдастары Ширяеваның бұл ісіне қуанып, оны өз үйлерінде құшақ жая қарсы алады. 

«Ауылда жұмыс мәселесі қиын. Сондықтан, біз үшін бұл үлкен көмек», - дейді Эанна Дмитриева. 

Jas project жобасы бойынша ауылда тек құс фабрикасы емес, спорт залдар, дайындық курстары, шет тілдерін оқыту орталығы ашылған. Осылайша, мемлекет әлеуметтік-жауапты бизнесті дамытып отыр.
Өзгелердің жаңалығы