Теңіз шекарашылары балықтарды құтқарды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 1 Сәуір 2019 2019, 11:10
1 Сәуір 2019 2019, 11:10
2544

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының «Баутинолық» теңіз шекарашыларына тиесілі шекарашылар катері өткен демалыс күндері теңіз шекарасын күзету бойынша жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп, жалпы көлемі 110*110 төркөзді 6 000 м қылдан жасалған ау және 3 000 м охан ауын тауып, жинап, шырматылып қалған итбалықтар мен бекіре тұқымдас балықтарды тірідей құтқарды. Осылайша, Мемлекетке келтірілуі мүмкін 9 559 650 теңге шығынның алды алынды", - делінген таратылған хабарламада.
Наверх