Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңіз шекарашылары мемлекетке келтірілуі мүмкін отыз жарым миллион теңге зиянның алдын алды.
«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының «Атырау» шекара күзеті кемесі еліміздің теңіздегі шекарасын күзету бойынша жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп, кеше түс кезінде Каспий теңізінің Баутино бағытында браконьерлердің құрып кеткен, көлемі 110*110, ұзындығы 4000 м болатын ауын тауып, жинап алды. Ауға шырматылып қалған 120 кг бекіре балықтары теңізге тірідей босатылып, осылайша мемлекетке келтірілуі мүмкін 30 300 000 теңге шығынның алдын алып қалды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, «Сұңқар», «Қарлығаш» шағын шекарашы катерлері де теңізде әртүрлі аулау құралдарын тауып, қауіпсіздендірді.