Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау өңірінде Covid-19 індетінен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.
Атырау облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясынан айықты. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 47, 43, 49, 42, 38, 32, 28, 31, 32 жастағы тоғыз ер адам және 42, 39, 42, 44 жастағы төрт әйел.
Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті, - дейді штабтағылар.
Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен сауығып шыққандар саны 193 адамға жетті.