Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Теңіз кенішінде тағы 90 жұмысшыдан вирус анықталды

13 Мамыр 2020, 12:30
1509
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 432 адамға жетті. Бұл туралы Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мәлім етті. 

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел. 

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада. 

 2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны  432-ге жетті,  оның  ішінде 359 адам - Теңіз кенішінің жұмысшылары.
Өзгелердің жаңалығы