Тәжікстан Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыруға ниетті

Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11 пайызға өсіп, 600 млн АҚШ долларына жетті.

 istockphoto.com 8 Қараша 2026, 21:16
8 Қараша 2026, 21:16
123
Фото: istockphoto.com

Тәжікстан Қазақстаннан алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды қарастырып отыр.

Екі ел министрлері өңделген өнімдер жеткізілімін арттыру және агроөнеркәсіп кешені саласындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.

Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы 11 пайызға өсіп, 600 млн АҚШ долларына жетті.
Келіссөздер барысында Қазақстан астығын Тәжікстанға жеткізу көлемін арттыруға айрықша көңіл бөлінді.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акцинерлік қоғамы мен Тәжікстанның Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі арасында 100 мың тонна бидай жеткізу жөнінде жасалған келісімшарт аясындағы әріптестік туралы әңгіме қозғалды, - деді министрлік.

Кездесу иелері Тәжікстан нарығының сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып, бидай жеткізу көлемін арттыруды ынталандыруға келісті.

Бұл Қазақстан үшін экспорт көлемін ұлғайтумен қатар, отандық диқандардың өнімін өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, астыққа деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге және қазақстандық өнімнің Орталық Азия нарығындағы орнын нығайтуға жол ашады.

Наверх